Аналарымыз ақшаны той-томалақ пен қыдыруға жаратқан. Ал, мен ұлдарыма қоныс-кәсіп дайындаудамын - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аналарымыз ақшаны той-томалақ пен қыдыруға жаратқан. Ал, мен ұлдарыма қоныс-кәсіп дайындаудамын - Ләйлә Сұлтанқызы

Аналарымыз ақшаны той-томалақ пен қыдыруға жаратқан. Ал, мен ұлдарыма қоныс-кәсіп дайындаудамын - Ләйлә Сұлтанқызы

Ұлдарына қоныс-кәсіп дайындап жатқанын айтқан Ләйлә Сұлтанықызының басы дауға қалды.

  • 27 Қараша 2018
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Журналист желідегі параұшасында былай деп жазды:

"Мен де кез келген ана сияқты ұлдарымның өз ұялары болғанын қалаймын. Бүгінгі талпынысым, бүгінгі еңбегім, бүгінгі шаршағаным — олардың ертеңі екенін түсінгенде қуат аламын.

Аналарымыздың әңгімесін естісек үкімет үйінің тегін кезінде ақшаны той-томалақ пен қыдыруға жаратқан екен. Қазақстанның әр қаласынан болмаса да, сол ауылдан 2-3 үй алу ойға келмепті. Біз оқуға түскен жылдары жатақxанада, одан қалды тарақан толы жалдамалы пәтерде тұрдық.

Қазір аналар ақылдырақ. Баласы 9-сыныпқа таяп қалысымен Астана мен Алматыдан жылы ұясын әзірлеуге қамданады.

Кеше бизнесте жүрген бір-екі құрбыммен осы жөнінде сөйлескенбіз. Қазіргі таңдағы ең тиімді кәсіп — үй емес, апарт-отель жалдау дейді. Өздері қарайды. Өздері жуып-тазалайды. Балаларыңыз оқуға түскенше жалдап қоясыз, түскеннен соң өздері тұрады. Бітіргеннен соң қайта жалдайсыз. Ал пәтерді топ-топ адамдар тапап, қараусыз қалдыруы әбден мүмкін деген қортындыға келдік.

Ал, мен @yesapart_astana-дан ұлдарыма қоныс-кәсіп дайындаудамын".


Журналисттің оқырмандары мынадай сыни-пікірлер жазды:

 
 
 
 
Соңғы жаңалықтар