«Анамды қаппен жерледік»: Ақтөбеде әке-шешесінен бірдей айрылған әйел дәрігерлерге ренжулі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Анамды қаппен жерледік»: Ақтөбеде әке-шешесінен бірдей айрылған әйел дәрігерлерге ренжулі

«Анамды қаппен жерледік»: Ақтөбеде әке-шешесінен бірдей айрылған әйел дәрігерлерге ренжулі

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров кейбір қызметкерлердің кәсіби біліктілігі төмен екенін мойындап, кешірім сұрады.

  • 10 Тамыз 2020
  • 136
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе тұрғыны Юлия Сорока жергілікті «Эврика» газетіне коронавирустан қайтыс болған ата-анасын қалай жерлегенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik аудармасын негізге ала отырып.

Юлия Сорока биыл маусым айында ата-анасынан айырылған. Ол бастапқыда коронавирус белгілері бар ата-асын ауруханаға жатқызбағанын айтты. Ал жағдайлары ушыққан кезде стационарға жеткізген. Екеуі де сол жерде көз жұмыпты.

Бұдан соң тұрғын мәйітханаға марқұмдардың денесін алып кетуге барған. Сол кезде анасының денесіне «хлорка» себілгенін көреді. Ал әкесінің денесі тоңазытқышта емес, еденде жатқан.

«Әкеме біз әкелген киімді кигізуге келісті. Ал анамды қапқа салып, үстіне хлорка сепкен. Неге олай болды? Коронавирус тесті оң болғандықтан, осылай істеп отыр. Әкемде COVID расталмаған еді. Сондықтан оны киіндіріп, дәстүрге сай жерледік. Ал анамды қаппен жерледік», — дейді Юлия Сорока.

Ол енді санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын жауапқа тартқысы келетінін айтып отыр.


«Анамның жағдайы ушыққаны үшін, дер кезінде жанында медицина қызметкері болмағаны үшін, жерлеуге қатысты нақты талапты ешкім айта алмағаны үшін жауап берулері керек», – дейді тұрғын.

Бұл ретте, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров кейбір қызметкерлердің кәсіби біліктілігі төмен екенін мойындап, кешірім сұрады. Сондай-ақ, ол жағдай тексеріліп, қызметкерлердің әрекетіне баға берілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар