Мешімбаева жазасын енді әйелдерге арналған Жауғашты түрмесінде өтейді. Экс-шенеунік ақталып шығатынына соңына дейін сенген болатын. Қайта-қайта апелляциялық шағым жазды. Бірақ үкім ақыры өзгеріссіз қалды. Анар Мешімбаева 2009 жылы ұлттық санаққа бөлінген 800 млн теңгені жымқырып, елден қашқан-ды. 4 жыл өткенде Мәскеуде ұсталып, ақпан айында ғана Астана соты оған 7 жыл үкім кесті. Алайда, Мешімбаева кінәсін сол күйі мойындамай кетті.