Жарияланды: 2100

Анасы өзін өртеген бойжеткен екі полицейді пышақтап тасаған Үмбетәлиевтің барлық былықтарын айтып берді

Анасы өзін өртеген бойжеткен екі полицейді пышақтап тасаған Үмбетәлиевтің барлық былықтарын айтып берді

«Бамбук» атты лақап атпен танымал Мұрат Үмбетәлиевтің екі бірдей атышулы оқиғаға қатысы бар болып шықты.

Ол осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облыстық ІІД-нің екі қызметкерін пышақтап тастап, із суытқан болатын. Сондай-ақ осыдан екі жыл бұрын Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өзі өртеп жіберіп, көз жұмған Майра Рысмановның ұлының ісі де дәл осы азаматтың қарауында болған.

Марқұм Майра Рысмановның қызы Ақмарал Ахметова әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, Таразда екі әріптесін пышақтаған полицей Мұрат Үмбетәлиевке қатысты сұмдық жағдайларды бүкпесіз жариялады, деп хабарлайды Caravan.кz медиа-порталы.

«Туған анам Майра Рысманова 2015 жылы Үмбетәлиевтің кесірінен өзін өзі Бас прокуратураның алдында өртеп жіберіп, көз жұмды. 2015 жылы Шу өңіріндегі полицейлер ағамның қалтасына есірткі салып, қамауға алды. Өйткені, Мұрат Үмбетәлиев оны алты жылдан бері өзіне  жұмыс істеуге үгіттеген. Бірақ ағам келіспеген соң осылай жаламен қамады», - дейді Ақмарал Ахметова.

Жамбылдық бойжеткеннің айтуынша, Мұрат Үмбетәлиевтен көптеген адам зардап шеккен. Есірткі сататын нүктелер мен жезөкшелер ордалары да соған бағынатын көрінеді. Былыққа белшеден батқан, ақшасы да мол Үмбеталиев бұл жолы да жазадан құтылып кетуі мүмкін деген Ақмарал Ахметова Елбасы мен ҰҚК және Бас прокуратурадан қашып жүрген полицейді тездетіп тауып, түрмеге қамауды сұрады.

Posted by Алия Айтбаева on Monday, August 14, 2017

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін