Анасын ұрып-соққаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасын ұрып-соққаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Анасын ұрып-соққаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында анасын ұрып-соққан тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

  • 20 Тамыз 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz


Үйінде анасымен жанжалдасып, ұрып-соққаны үшін Шортанды ауданының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 79-1 бабы бойынша, айыпты деп танылды. 

Сот отырысында анасын ұрғанын мойындады.

Сот қаулысымен ол осы жасаған құқықбұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алынды.