Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән?

Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән?

Танымал журналист Мәди Манатбек анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салатын жұлдыздарды сынап тастады.

  • 29 Мамыр 2019
  • 85
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол instagram парақшасында жазды.

"Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән, не құтыру? Жұмақ анаңның табанының астында дегенді білеміз, берік ұстанамыз, бірақ видеоға түсіріп, жұртқа жариялап жарысқанды алғаш көруім. 
Осының бәрін бастап, эстафета жариялап жүрген оңай табысқа, атақ-мансапқа мастанған, қоғам шындығынан алыстап кеткен әншісымақтар. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу деген еш жариясыз, риясыз атқаратын пенденің күнделікті тіршіліктегі міндеті емес пе?! Құдай алдындағы борышын рия болады деп қорықпай жариялайтын діни буквализмге, фанатизмге ұрына бастадық. Біртүрлі қоғамға, сапасыз, санасыз, даңғой елге айналып барамыз. Мұндайда имамдар, теолог ғалымдар араласып, ненің абзал, ненің жөн екенін анықтап, нақты айтып беруі керек", — деп жазды ол.

Журналистің бұл пікірін көпшілік оқырман қолдай түсті.


Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Төреғали Төреәлі анасының аяғын жуып, оны әлеуметтік желіге таратып өзге де әріптестеріне эстафета ретінде жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар