Анатолий Рябцев: Мені тұтқындауға кім ықпал етті деген әңгімені қазір қозғағым келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анатолий Рябцев: Мені тұтқындауға кім ықпал етті деген әңгімені қазір қозғағым келмейді

Анатолий Рябцев: Мені тұтқындауға кім ықпал етті деген әңгімені қазір қозғағым келмейді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Рябцев өзінің істі болғаны үшін біреулерді кінәлағысы келмейтінін айтты. "Ол өткен іс. Әрі бұл маған сабақ болды" дейді экс-шенеунік.

  • 14 Қазан 2016
  • 1022
Фото - Caravan.kz

Үкіметте үлкен қызметте жүрген кезінде ұсталып, кейін сотталып кеткен Анатолий Рябцев "КАРАВАН" газетінің тілшісіне сұхбат берді. 

Сұхбатта ол кезінде өзін тұтқындауға кім ықпал етті деген әңгімені қазір қозғағысы келмейтінін жеткізді. Бұған кінәлілерді іздеуге де құлқы жоқ екен. Бірақ бір нәрсеге іштей қыжылы барын жасырмады. "Ең жаманы, тергеу барысында біреулер мені одан сайын қаралауға тырысты, маған тағылған айыптарды ғасыр қылмысы етіп көрсеткісі келді. Тергеу жүргізетіндер және оны БАҚ-та жариялайтындар өз ісіне адал болуы керек қой" дейді Рябцев. 

Осылай деген экс-шенеунік сол тергеу барысындағы бір жағымсыз жайды еске алады. "Сол кезде бір басылымнан өзімнің Түркістанда су құбырын салуға бөлінген бюджет қаржысынан 1 миллиард теңге жеп қойғаным туралы оқыдым. Бұл жала менің ызамды келтірді. Өйткені су құбыры құрылысының жалпы құны 1 миллиард 200 мың теңге болған. Содан Бас прокуратураға ресми хат жаздым. Осыдан кейін Шымкенттен тергеуші әйел келіп, менен кешірім сұрады. Ол журналистер қазақшадан дұрыс аудармаған деп айтты. Мен әлгі мәліметті газет арқылы теріске шығаруын талап еттім. Бірақ осы күнге дейін жария түрде кешірім сұраған жоқ. Бас прокуратурадан да жауап келмеді" дейді ол.

Есеріңізге салсақ, Анатолий Рябцевті қаржы полициясы 2009 жылдың наурыз айында екі бірдей орынбасары — Нұртай Кәменов және Әмірхан Кеншімовпен бірге ұстаған еді. Олар мемлекеттік сатып алуға қатысты тендер жүргізген кезде қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталды. Сот оларды кінәлі деп тауып, Рябцевті 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал орынбасарларына шартты жаза кесілді. Бірақ кейін Кәменов түрмеге қамалған. Рябцев болса, 2010 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 


Соңғы жаңалықтар