Аңғарымпаз желі қолданушылары Айгүл Иманбаеваның аяғы ауыр деп топшылап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аңғарымпаз желі қолданушылары Айгүл Иманбаеваның аяғы ауыр деп топшылап жатыр

Аңғарымпаз желі қолданушылары Айгүл Иманбаеваның аяғы ауыр деп топшылап жатыр

Әнші Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығуға дайын екенін айтып көпшілікті қызықтырып қойған еді.

  • 10 Тамыз 2018
  • 522
Фото - Caravan.kz

Алайда ол тойының 2019 жылы шет елде өтетінін айтқанымен, нақты уақытын атамады. Ал әншінің күні кеше желіде жариялаған суретінен кейін тыңдармандары оны жүкті деп топшылауда, деп жазады Stan.kz.

Айгүл Иманбаева Instagram-парақшасында кең көйлек киіп түскен суретін жариялаған.

Осыған байланысты аңғарымпаз желі қолданушылары әншінің аяғы ауыр деп топшылады. Пікір қалдырушылардың дені Иманбаевадан жүктілігі туралы сұрап, сауалдарын жаудыруда.

«Айгүл екіқабат па не?», «Аяғы ауыр сияқты», «Айгүл ханым, жүктісіз бе?», «Ішіңдегі бөпең құтты болсын. Жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Сондықтан өте қуаныштымыз. Әйел бақытына бөленіп жүре бер», «Аяғыңыз ауыр сияқты болып тұр», – дейді пікір қалдырушылар.

Десе де кейбірі Айгүлдің жай ғана кең көйлек кигенін айтып жатыр.


«Жай кең көйлек киген ғой. Үлгісі сондай. Ыстық күнде жеңіл», «Жай көйлектің пішіні шығар. Және Айгүл өзін өсектегенді ұнатады. Әдейі істеп тұрған ғой», «Мына көйлек сізді толық етіп көрсетеді», – дейді Insta-оқырмандар.

Алайда әнші жүктілігі туралы қойылған сұрақтарға жауап берген жоқ.

Айта кетсек, таяуда Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығуға дайын екенінмәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар