Жарияланды: 330

Аңшы аң аулауда немесе оқ атар алдында «Бисмилла» сөзін айтпаса, аң мен құс халал бола ма?

Аңшы аң аулауда немесе оқ атар алдында «Бисмилла» сөзін айтпаса, аң мен құс халал бола ма?

Исламдағы аңшылық үкімі. 

Аңшы аң аулау немесе оқ атар алдында «Бисмилла» сөзін айтуы тиіс. «Бисмилла» сөзін әдейі айтпаса, ол аң адал емес.

Аңды ермек үшін аулау мәкруһ таһрими болып танылады.

Аң аулаушы кісі мұсылман не әһли кітап болу керек. Діннен шыққан, пұтқа немесе отқа табынатын және атеист адамның аулаған аңын жеуге болмайды.

Аң аулауға арналған қару өткір, жарақаттайтын болу керек. Қарудың жарақаттап кесуінен аң өлсе, адал, ал соққыдан өлсе, арам саналады.

Шариғат тұрғысынан рұқсат етілген аңдарды аулауға заңмен тыйым салса, басшыға бағыну уәжіп.

                                                                                                                                                  Ақпарат көзі: muftyatkz

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін