«Аңыз адам» журналы екінші қайтара сараптамадан өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аңыз адам» журналы екінші қайтара сараптамадан өтеді

«Аңыз адам» журналы екінші қайтара сараптамадан өтеді

Бүгін Алматының әкімшілік соты атышулы редактор Жарылқап Қабылай ісіне осындай себеппен тағы шегерім жасады. Сөйтіп, тәуелсіз тексеруге 4 тәулік беріп отыр.

  • 29 Шiлде 2014
  • 258
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы Жарылқап Қалыбайды әкімшілік жауапқа тартуға арыз берген Алматы қалалық Ішкі істер департаменті. Құзырлы орын, басылымның Гитлерге арналған санындағы екі мақаладан экстримизмді ақтау белгілері тапқан. Тіпті мемлекеттік сараптамамен онысын дәлелдемек те болды. Сөйтіп, бүгін іс жаңа соттың тағайымдалуымен қайта жалағасуы тиіс болған. Бірақ судья бірден іске қосымша тәуелсіз сараптама жүргізуге нұсқау берді. Жұма күнге дейін филологтар мен саясаттанушылар бірлескен топ мақаланың мазмұндық құрылымын тексеріп шығуы тиіс. Айта кетсек, сәуір айындағы санын Адольф Гитлерге арнаған «Аңыз адам» журналын сот өткен айда айыпты деп танып, бас редакторге 13 миллион теңге айыппұл салған еді. 


Жарылқап Қалыбай, «Аңыз адам» журналының бас редакторы:

-Алматының бас полициясының тапсырысы бойынша жасалған, мемлекеттік дейікші, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы тиянақсыз, дәлелсіз, негізсіз. Экстримизмді ақтау белгілері бар деп нақты Нағашыбай Есмырзаның «Адольф Гитлер фашист емес» деген мақаласынан тапқан. Негізі бұл сауалнаманың сұрақтарына берілген жауап еді. Жеке пікірі. Оны мақала деп береді сарапшылар.