Анкарадағы лаңкестік әрекет құрбандарының саны 37 адамға дейін өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анкарадағы лаңкестік әрекет құрбандарының саны 37 адамға дейін өсті

Анкарадағы лаңкестік әрекет құрбандарының саны 37 адамға дейін өсті

Анкара қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандарының саны 37 адамға дейін өскен, 70-тен астам адам ауруханаларда жатыр. Бұл турады Түркияның Денсаулық сақтау министрі Мехмет Муэззиноғлы хабарлады, деп жазады ТАСС.

  • 14 Наурыз 2016
  • 410
Фото - Caravan.kz


Еске сала кетейік, жарылыс Анкара қаласындағы басты көшелердің қиылысында жергілікті уақытпен сағат 18.40-та (Астана уақытымен сағат: 22-40) болды. Сол жерде көп адам жиналған аялдама болған. 

Жарылысқа қатысты лаңкестік ұйымдар әзір мәлімдеме жариялаған жоқ. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, түрік арнайы қызметінің өкілі билік бұған «Күрдістан жұмыс партиясы» немесе осы ұйымға қатысты адамдарды күдікті болуы мүмкін деп санайтынын айтқан.