Әнші Әли Оқапов актерлікке бет бұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Әли Оқапов актерлікке бет бұрды

Әнші Әли Оқапов актерлікке бет бұрды

«Анажан» кинокартинасында әнші Әли Оқапов актер ретінде бақ сынады.

  • 4 Мамыр 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Прокатқа шығатын туындыда қазақстанның кинемотография мен шоу-бизнес өкілдері өздерінің бар өнерін салған. Әмір атты радиожүргізуші бас кейіпкердің өмірінің айналасында өрбитін оқиға желісі бауыры Димамен өлім ауызында жатқан анасын құтқару әрекеттерімен жалғасады. Бауырлар өміріндегі бағалы жан үшін барлығына дайын екенін көрсетеді.

«Анажан» туындысының режиссері — «Той любой ценой» картинасымен танылған Айдын Сахаман. Ол актерлік құрамның керемет болғанын, жұмыс істеу қиынға түспегенін де жеткізді.

«Оқиға адамның жүрегін елжіретіп, ойламаған нәрсе болуы мүмкін екені жайлы ескертеді. Біздің туындының басты мақсаты жастар ата-аналарын құрметтеп, барында бағалай алуға жетелеу болып табылады», — дейді режиссер. 

Кинокартинаның басты рөлін әнші Әли Оқапов пен театр актері Роман Жуков сомдаған. Әнші үшін бұл толық метражды фильмдегі дебютті туындысы. Әли бұл рөл өзінің өмірлік образымен астасатынын да жасырмады.


«Менің кейіпкерім кино барысында өзгеріп отырады. Туындының басында қандай болғанын, ортасында және аяғында қалай өзгеріске ұшырағанын байқауға болады. Ол менің туысқаным сияқты. Өйткені радиожүргізушісі болып жұмыс жасайды, шоу-бизнес пен мәдениетке жақын. Кейбір сахналарда өз басымнан өткерген сезімдерді қайта қайталап жатқан сияқты болдым. Әмір маған қатты ұқсайды», — дейді әнші.

Соңғы жаңалықтар