Жарияланды: 80

Әнші Бақыт Шадаева 50 жасқа толған күнін дүркіретіп атап өтті

Әнші Бақыт Шадаева 50 жасқа толған күнін дүркіретіп атап өтті Сурет - zakon.kz

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі әнші Бақыт Шадаева биыл 50 жаста.

12 қаңтар күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде достарын шақырып, төл меркесін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші туған күнін ең жақын достары мен ет жақындарының арасында ұйымдастыруды жөн көрген. Ағайындарынан бөлек, өнердегі сырлас достары да әншінің жекеменшік мерекесінде бой көрсетті. Олардың ішінде әнші Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Толқын Забирова, Жеңіс Ысқақова, Меруерт Түсіпбаева, Абай Бегей және продюсер Төрали Төлепов бар. Сондай-ақ әншінің абыройын көтеріп келген актриса, тележүргізуші Қаракөз Сүлейменова, танымал продюсер Ақылбек Досжан және жас әнші Асылжан Абдулла мен Алишер Каримов та думанды кештің құрметті қонағы болды.

Өз кезегінде Шадаева достарының қуанышында бой көрсетіп, қолдау білдіргеніне ыстық ықыласын білдіріп, алғыс айтуды ұмытпады.

Сүйікті әншілерінің туған күнімен желі қолданушылары да жарыса құттықтап жатты. Елуге келсе де әлі күнге сыры мен сымбатын жоғалтпаған әншінің сұлулығына оқырмандары тамсанғанын жасырмады.

"Бақыт апай, туған күніңіз құтты болсын! Осылай әр күніңіз қуанышқа толы болып гүлдей жайнап жүре беріңіз", "25 жасыңыздың 25 жылдығы құтты болсын. Жарқырап-жайнап жүре беріңіз", "Жаңа жасыңыз құты болсын. Осылай әдемі қалпыңызбен халқыңыздың сүйікті әншісі боп жүре беріңіз", - деп жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін