Әнші Кентал қасиетті жұмада азан шақырып, мұсылмандарды таң қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Кентал қасиетті  жұмада азан шақырып, мұсылмандарды таң қалдырды

Әнші Кентал қасиетті жұмада азан шақырып, мұсылмандарды таң қалдырды

Әнші Кентал мұсылмандар үшін қасиетті күн саналатын жұмада азан шақырды. Жұрт оның бұл қылығына сүйсінді.

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 2124
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бүгін – жұма. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Күн шыққан күндердің ең жақсысы-жұма күні. Жұма күні Адам ғ.с. жаратылды. Жұма күні жәннатқа кіргізілді және жұма күні жәннаттан шығарылды. Ақырет күні де жұма күні болмақ», – деп жеткізген еді ат-Тирмизи», – деп жазды әнші инстаграмдағы парақшасында.

Желі қолданушылары Кенталдың азан шақырған даусына тәнті болды. Осылайша қызқұмар көрінетін Кентал мүлдем басқа қырынан танылды. Тіпті өзінің шығармашылығына немқұрайлы қараған нәзік жандыларды ғашық етті.

«МашАлла, қабыл болсын», «Алла разы болсын», «даусыңыз қандай керемет», «жарайсың, өте әдемі, әуезді», «сізден жақсы азаншы шығады», «шоу-бизнес әлемінде құртылмаған жігіттердің бірі», «Талғат, еліктеуге тұрарлық азаматсың», – деп жазды желі қолданушылары.


Кейбір желі қолданушылары Алладан Кентал сияқты иманды жар нәсіп етуді сұрады. Ал енді бірі мұны телефонға түсіріп, жария етуді әбестік көрді.

Соңғы жаңалықтар