Жарияланды: 50

Әнші Саят Медеуов өмірінде алғаш рет бейнеклип түсірді

Әнші Саят Медеуов өмірінде алғаш рет бейнеклип түсірді

Танымал әнші Саят Медеуов тыңдарманына алғашқы бейнебаянын ұсынды.

«Әке» деп аталатын жаңа клиптің үзіндісі әншінің Instagram-парақшасында жарияланған. Айта кету керек, Саят Медеуов бірде-бір бейнеклип түсірмей-ақ танымал болған эстрададағы жалғыз әнші.

«Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнерi мен бiлiмi - баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. «Әке» атты туындысын қабыл алыңыздар!» - деп жазды С.Медеуов өз парақшасында.

Ұлы жеңіс күніне орай ұсынған бейнебаянда әкенің отбасындағы рөлі және балаларына деген мейірімі бейнеленеді. Әншінің жаңа туындысы көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Мұнай бағасы күрт қымбаттады

Қыздар университеті Англияның беделді оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты

Дәурен Айдарқұлов: Ақботаға әлі күнге дейін қосылайық деп жүрмін, бірақ оған мансап маңыздырақ

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін