Қазақ эстрадасындағы әнші Серік Ибрагимов көпшіліктің алдында ұятқа қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бір тойда әншінің «Жаяу» деген әнін фонограммамен айтып тұрғаны байқалып қалған.
Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан көрінгендей, ол ән айтып тұрып, танысына бірдеңе айтқысы келеді. Сөйтіп танысының құлағына сыбырлап жатқанда, әннің фонограммадан айтылып тұрғаны білінеді.
Әншінің сөзінен тойдың Қызылорда өңірінде болғанын байқауға болады.