“Әншілердің барлығы хиджабты сәнге айналдырған ба?”: Орамал таққан Сиви Махмуди көптің сынына қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Әншілердің барлығы хиджабты сәнге айналдырған ба?”: Орамал таққан Сиви Махмуди көптің сынына қалды

“Әншілердің барлығы хиджабты сәнге айналдырған ба?”: Орамал таққан Сиви Махмуди көптің сынына қалды

Қазақстандық әнші Сиви Махмудиді образ үшін орамал таққаны үшін көпшілік жерден алып жерге салды.

  • 30 Қаңтар 2023
  • 1431
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі орамал таққан суретін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап: “Орамалды мазақ қылған жоқпын, жәй образ деп қабылдаңыздар. Хиджабты тек фотосессия және видео үшін кидім. Орамалға келмедім. Артық сөгудің қаеті жоқ”, – деп жазба қалдырды.  

Әншінің бұл әрекетін орамалға деген немқұрайлылық деп түсінген желі қолданушылары Сивиді сынап тастады. 

“Әншілердің барлығы хиджабты сәнге айналдырған ба?”, “Орамал деген мазақ болды ғой, әсіресе халықтың алдында жүргендер үшін”, “Киемін десе киеді, шешемін десе шеше салатын болыпты”, “Сәнге айналды”, “Орамал ермек болды”, – деп жазды желідегілер.


 

Соңғы жаңалықтар