Әншінің Алматыдағы үйіне ұры түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әншінің Алматыдағы үйіне ұры түсті

Әншінің Алматыдағы үйіне ұры түсті

«Жігіттер» тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымов үйіне ұры түскенін хабарлады.

  • 19 Тамыз 2014
  • 684
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы әнші өзінің instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

«Мен сiздер мен қайда жүрсем де амандығымды бiлдiрiп, сурет салып отырамын. Осыны пайдаланған қазақтар үйге, тонауға келiптi. Менi бiр бай деп ойлап калған ғой… Әлi Алматыға келмеймiн, асықпай қалған заттарды әкетiңдер, ұры мырзалар», депті әнші.

Әншінің пайымынша, ұрылар өзінің жанкүйерлері болуы мүмкін. 

«Менiң жанкүйерлерiм екен. Бүкiл мен киген киiмдердi, қара шамаданға салып қойыпты. Бiрақ, әкете алмаған!», — дейді ол