Жарияланды: 40

Анталияға демалуға барған қазақстандықтардан COVID-19 анықталды

Анталияға демалуға барған қазақстандықтардан COVID-19 анықталды Сурет - © Reuters

21 маусымда ұзақ уақыт карантиннен кейін Алматы-Анталия бағыты бойынша алғашқы қазақстандық рейс ұшты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, оның ішінде төрт адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі таңда олар Анталиядағы қалалық ауруханада жатыр. Қалған жолаушылар оқшауланды. 

Түркия билігі шетелдік туристердің емделуі үшін жергілікті ауруханадан да, қонақүйлерден де орын бөлген. Қазақстанның Түркиядағы елшісі отандастарымызды пандемия кезінде шетелге шығуға жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

"Түрік жағалауына келгеннен кейін қазақстандық туристердің дене қызуын өлшейді. Егер дене қызуы 37-38 градустан жоғары болса туристер коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтеді. Одан кейін диагноз расталса, оларды ауруханаға немесе жағдайы қанағаттанарлық болса өзін-өзі оқшаулауға жібереді. Анталияда аурухана жеткілікті, шамамен 18 емхана бар. Алайда туристер денсаулығын қадағалап отыруы керек", - дейді Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы.

Айта кетейік, 28 маусымдағы мәлімет бойынша, Түркияда жалпы 195 883 адам COVID-19 жұқтырса, оның ішінде, 170 мыңға жуық адам аурудан айыққан. Жалпы 5082 адам қайтыс болған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін