Владимир Поповкин 18-ші маусымда ұзақ ауырып қайтқан болатын. «Роскосмос» басшысы былтыр Байқоңырда Протон зымыраны құлағанда гептилге уланды деген ақпарат тараған. «Антигептил» белсенділері сол Поповкин сияқты улы отынының кесірінен Қызылорда облысында да талай азаматтың көз жұмғанын айтып отыр. Сондықтан Протон зымырандарының ұшырылымын доғаруды кезекті рет талап етуде. Дегенмен табиғат жанашырларының қарсылығына қарап жатқан ешкім жоқ. Бүгін де қолдарына 7 беттік қағаз ұстаған «антигептилшілерге» Ресей елшілігінің қатардағы қызметкері ғана шығып, Путинге жазған хатын алып қалды. Әйтсе де белсенділер істі аяғына жеткізбей тынбақ емес.
Ұлан Шәмшит, «Антигептил» қозғалысының белсендісі:
-Біз бәріне дайынбыз. Біз өйткені, бізге өзіміздің бостандығызым емес, бізге Қазақстанның болашағы маңызды. Соны біз орындатамыз. Соны біз жасаймыз. Оны бізге ешкім тоқтата алмайды.