Антикор Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық іс туралы хабарламаларға пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антикор Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық іс туралы хабарламаларға пікір білдірді

Антикор Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық іс туралы хабарламаларға пікір білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Иусинге қатысты ықтималды қылмыстық істер туралы ақпаратқа пікір берді.

  • 15 Мамыр
  • 9
Фото - Caravan.kz

Антикор Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, қазіргі уақытта Мусинге қатысты іс тергеліп жатпағанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сіздің өтінішіңіз бойынша қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Мусинге қатысты қылмыстық істің жоқтығын хабарлаймыз», — деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, мамырдың басында Telegram-арналарда экс-министр Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат пайда болған еді. Дереккөз «істер бұрыннан басталған» деп мәлімдеді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚМА бұл ақпаратқа қатысты пікір берген жоқ.