"Антикордың атын - Актерлар деп өзгерте салайық": Заңгер Шымкент әкімдігінде сөз сөйлеген Берік Айтжановты қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Антикордың атын - Актерлар деп өзгерте салайық": Заңгер Шымкент әкімдігінде сөз сөйлеген Берік Айтжановты қатаң сынға алды

"Антикордың атын - Актерлар деп өзгерте салайық": Заңгер Шымкент әкімдігінде сөз сөйлеген Берік Айтжановты қатаң сынға алды

Белгілі актер Берік Айтжанов Шымкент әкімдігінде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты  сөз сөйлеген. 

  • 12 Желтоқсан 2023
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

“Әртіссің ғой, Сұлтан, оңбай кетейін ” демекші, әртіссіңдер ғой Антикор!

“Менің атым Қожа” фильміндегі бұзық Қожаның рөлінде мен, өтірікші Сұлтанның рөлінде сендер ойнап жатсыңдар ма?

Шымкентте жемқорлықпен күрес жиналысына әртіс Берік мырзаны шақырыпты.

Бұл кісінің актерлік шеберлігіне дауым жоқ!
Бірақ Шымкент әкімдігінің төріне шақырып сөз сөйлейтіндей, Шымкентте қандай жемқорлықты ашып, сыбайластықты алдын алды екен?

Дәурен Ерғарин мырза!

Жемқорлыққа қарсы күресу- киноға түсу емес!

Қанша жазылған шағымдарым қараусыз, жауапсыз қалды!

Қаншама жемқорлық жайлы көтерілген мәселелерім жергілікті Антикор тарапынан зерделеніп жатқан жоқ!

Сіздер суретке, киноға түсу үшін жүрсіздер ме?

Берік мырза Шымкентте қандай жемқорлықты ашты айтып беріңізші?

Әртіс Берік мырза, жергілікті жерде басын бәйгеге тігіп, жемқорлармен күресіп жүр ме еді?

Құрметті Олжас Абайұлы!

Антикордың атын -Актерлар деп өзгерте салайық!

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ", — деп жазды заңгер. 

Соңғы жаңалықтар