Жарияланды: 50

Анжелина Джоли есінен танып, ауруханаға түсті

Анжелина Джоли есінен танып, ауруханаға түсті

Голливуд жұлдызы, әйгілі актриса Анжелина Джоли әлсіреген халде ауруханаға түсті. Бұл жағдай бірнеше күн бұрын болған екен, алайда БАҚ өкілдеріне енді хабарланып отыр.

Есінен танып қалған Анжелина Джолиді жедел жәрдеммен үйінен алып кеткен. Актрисаның сенімді өкілдері мұндай жағдайдың өткен айда да қайталанғанын айтып отыр. Ол кезде Джолиді ауруханаға жедел жәрдем емес, белгісіз ер азамат жеткізіпті. Бірақ, оның кім екенін Голливуд жұлдызы айтпауды жөн санады.

Тексеруден өткен Анжелинаның қатты шаршағаны анықталған. Жақындары да актрисаның әлсірегенін және психологиялық проблемасы да барын мойындайды. Оны мұндай халге ұйқысыздығы мен тәбетінің жоқтығы алып келіпті. Бірақ, Джоли денсаулығында кінәрат барын өзі мойындағысы келмейді.

Айта кетсек, Анжелина Джоли бірер жыл бұрын сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығып, ота жасатқан болатын.

Оқи отырыңыз:

Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты

"Әзірет Сұлтанның" наиб имамы Оразаға дейін жасалуы тиіс 5 амалды атады

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай сауық кешіне төсін ашып келді

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть