Apple басшысы миллиардер атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Apple басшысы миллиардер атанды

Apple басшысы миллиардер атанды

Apple компаниясының басшысы Тим Куктың байлығы 1 миллиард доллардан асты.

  • 11 Тамыз 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, өткен аптада Apple акциясы 5 пайызға өскен. Нәтижесінде компанияның нарықтағы бағасы 2 триллион доллар болған.

Агенттік америкалық компания басшысында нақты қанша байлық бар екенін айтпады. Алайда Apple акциясының құны кенет төмендемесе, тамызда Кук 100 миллион доллар көлемінде сыйақы алатынын жазады. 

Сонымен қатар, ол 650 миллион доллар көлемінде дивиденттер мен басқа да бонустар алған екен. Бұл ақшаның жартысы салық ретінде төленеді. Алайда салықтан қалған 100 миллион доллар көлеміндегі ақша Куктың дәулетін арттыратыны анық.

"59 жастағы Кук 2015 жылы байлығының басым бөлігін бергісі келетінін және 1 миллион доллар тұратын Apple акциясын сыйға тартуды жоспарлап жүргенін мәлімдеген",
— деп жазды Bloomberg.

Сондай-ақ, агенттік 2011 жылы Apple компаниясының тең құқылы негізін қалаушы Стив Джобс қайтыс болғанын еске салды. Осы уақытта компания 350 миллион долларға бағаланған еді.