Apple компаниясы «ақылды сағаттарының» нарыққа шығатын нақты уақытын белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Apple компаниясы «ақылды сағаттарының» нарыққа шығатын нақты уақытын белгіледі

Apple компаниясы «ақылды сағаттарының» нарыққа шығатын нақты уақытын белгіледі

Сатылым 24 сәуір күні әлемнің сегіз елінде басталады. Apple компаниясының «ақылды сағаттарына» тапсырыстар 10 сәуір күні солтүстік америкалық уақыт бойынша сағат 12:01-де алына бастайды. Бұл туралы компанияның ресми хабарламасына сілтеме жасаған ТАСС хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2015
  • 270
Фото - Caravan.kz

Сол күні «ақылды сағаттар» Apple дүкендерінің сөрелеріне шығарылып, сатушылар олармен танысу мүмкіндігін алады. Бірінші сатылым екі апта өткен соң — 24 сәуірде басталмақ. Бұл күні олар сегіз ел: АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, канада, Қытай, Франция, Германия және Жапонияның сауда желісіне жеткізіледі.

«Ақылды сағат» немесе Apple Watch-ты  компанияның басшысы Тим Кук 9 наурызда Сан-Францискода таныстырған. Қазіргі кезде мамандар танымал компанияның бұл жаңа өнімінің қаншалықты табысты болатынын болжап отыр.

Сағаттың алюминий корпусы бар базалық моделінің бағасы — 349 доллар. Тот баспайтын болаттан жасалған сағат 549 доллар тұратын болады. Сатып алушыларға сондай-ақ 18-караттық алтыннан жасалған корпусы бар сағат ұсынылады. Оның бағасы 10 мың доллардан 17 мың долларға дейін болмақ.

Apple Watch компанияның барлық смартфондарында бар бағдарламалық хабарландыруларға ие.  Сағат арқылы әлеуметтік желіге шығуға, жаңалықтарды оқуға, спорттық көрсетілімдердің қорытындыларын бақылауға, сондай-ақ ауа райын білуге болады. Сондай-ақ сағаттың көмегімен телефон қоңырауларын қабылдап, SMS-хабарламаларды оқуға болады. Бұдан басқа, құрал пайдаланушысының физикалық белсенділігін қадағалап, жеке жаттықтырушының рөлін де атқара алады. Сағат 18 сағатқа дейін қуат көзінсіз жұмыс істей алады.