Apple көптен күткен iPhone 7 мен 7 Plus смартфондарын таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Apple көптен күткен  iPhone 7 мен 7 Plus смартфондарын таныстырды

Apple көптен күткен iPhone 7 мен 7 Plus смартфондарын таныстырды

Apple корпорациясы Калифорния штаб-пәтерінде жаңа өнімдерін таныстыру аясында iPhone 7 мен 7 Plus смартфондарын ұсынды, деп хабарлайды&n

  • 8 Қыркүйек 2016
  • 462
Фото - Caravan.kz

Apple корпорациясы Калифорния штаб-пәтерінде жаңа өнімдерін таныстыру аясында iPhone 7 мен 7 Plus смартфондарын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жаңа смартфонның қабаты шыны мен алюминийден жасалған, шеті сүйірленіп келеді. Әрі Home батырмасы жетілдіріліп, саусақпен басу және Taptic Engine арқылы жұмыс істейді. Гаджеттің екі стериодинамигі бар, сондай-ақ су мен шаңнан қорғаудың IP 67 стандартымен жабдықталған.

Жаңа құрылғыда бұрынғыдай құлаққапқа арналған 3,5-милиметрлі саңылау жоқ, енді ол Lightning порты арқылы жалғанады. Алайда iPhone жиынтығында стандартты құлаққаптар үшін де арнайы жалғастырушы құрал болады. Одан бөлек, Apple W1 чипі мен қозғалу датчигі орнатылған сымсыз AirPods құлаққаптарын ұсынады.

iPhone 7 камерасы 12-мегапиксельді және суретті оптикалық реттеуші қасиеті бар сенсормен қамтылған. Суреттер iP7 жаңа чипімен өңделетін болады. Фронтальді немесе ішкі камерасы енді HD форматында суретке түсіре алады және түсіру рұқсаты 7 мегапиксельге дейін ұлғайтылған.

Ал iPhone 7 Plus смартфонында қос камерасы да 12 мегапиксельді және суретті он есе ұлғайту мүмкіндігіне ие, әрі суретке түсіру стилі де өзгертілген.


Қос гаджетке де жаңа 64-битті төрт ядролық, қуат жұмсау көлемін реттеу қасиеті бар A10 Fusion процессоры және алты ядролық графикалық чип орнатылған.

Жаңа смартфонның бес түсі бар: алтын, күміс, қызғылт, қара әрі қара оникс.

Сонымен қатар, Apple жаңа баптауыштармен қамтылған iOS 10 жаңа нұсқасын әрі жұмысы әлдеқайда жақсартылған Siri дыбыстық көмекшісін таныстырды.

Соңғы жаңалықтар