Apple: танымал әртістердің жеке фотоларының ұрлануына iCloud себепкер емес - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Apple: танымал әртістердің жеке фотоларының ұрлануына iCloud себепкер емес

Apple: танымал әртістердің жеке фотоларының ұрлануына iCloud себепкер емес

Әлемге танымал жұлдыздардың жеке фотоларының (жартылай жалаңаш) ғаламторға жайылып кетуіне мақсатты шабуыл себеп болған, деп хабарлайды Apple корпорациясы.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz

Компания пайдаланушыларына жеке суреттердің таралып кетуіне Apple iCloud — деректі көппен бөлісу жүйесінен болған ақау себеп еместігін дәлелдеу мақсатында жеке зерттеу жүргізген.

Apple-дың ақпаратынша, хакерлердің шабуылы нақты адамдардың есімдеріне және құпия кодтарына бағытталған.

Даулы оқиғаға байланысты істі тергеу жұмысына ФБР қызметкерлері де араласқан.


Айта кетейік, осыдан біраз бұрын танымал бір топ жұлдыздың жеке фотолары ғаламторға жайылып кеткен болатын. Оған жауапты адамдар әлі іздестірілуде.