Ақ халаттылар Батырхан Шүкеновты екі сағатқа жуық құтқарып қалуға тырысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ халаттылар Батырхан Шүкеновты екі сағатқа жуық құтқарып қалуға тырысқан

Ақ халаттылар Батырхан Шүкеновты екі сағатқа жуық құтқарып қалуға тырысқан

Батырхан Шүкенов қатты ауру сезімін сезген бойда "Жедел жәрдемді" өзі шақырған екен.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 989
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі күні қайтыс болған "Астудио" тобының алғашқы әншісі Батырхан Шүкенов  "Жедел жәрдемді" өзі шақырады. Содан кейін дәрігерлер әншінің өмірін сақтап қалу үшін екі сағат бойы күреседі. 

Солиста

http://www.mk.ru/ сайтының хабарлауынша, 52 жастағы Батырхан Шүкенов жеке пәтерінде жалғыз өзі болған екен. Кешкі сағат 22:00 шамасында жүрегінде қатты ауру сезімі пайда болып, 03-ке хабарласады. Дәрігерлер бір көргеннен-ақ Шүкеновтың жүрек талмасына ұшырағанын білді. Олардың ойын сол сәтте түсірілген ЭКГ нәтижесі нақты дәлелдеді.

Дәрігерлердің көз алдында есінен танып қалған. Жан сақтау бөлімінің дәрігерлері екі сағат бойы аман алып қалу үшін күрескен, бірақ болмады. Шүкенов бірде есін жиып, бірде қайтадан есінен танып қала берген. Ең соңында Батырхан Шүкеновтың жүрегі тоқтап қалған. Әншінің қайтыс болуының себебі, алдағы мәліметтерге сүйенсек, ауқымды инфаркт болып отыр. 

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. 
Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын

Источник:http://kaz.gazeta.kz/news/batyrkhan-shukenovpen-qoshtasu-zhambyl-atyndaghy-qazaq-memlekettik-filarmoniyasynda-otedi-newsID176399.html

Использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на конкретную страницу сайта в первом абзаце и в конце публикации с указанием источника (медиа-портал Gazeta.kz, гиперссылка на страницу сайта). Использование скриншотов с видео, фотографий и иллюстраций запрещается без письменного разрешения редакции (cont@gazeta.kz)