Жарияланды: 50

Ақ көйлексіз мешітке кіруге рұқсат жоқ (видео)

Ақ көйлексіз мешітке кіруге рұқсат жоқ (видео) Сурет - Алаш айнасы

Әлеуметтік желіде Ресей Федерациясының Төменгі Новгород қаласындағы мешітте былайғы жұртқа түсініксіз өзгеше тәртіп орнағаны турасында қызу пікірталас өршіп тұр.

Дәлірегі, аталған мұсылмандардың құлшылық үйінің табалдырығын ақ көйлексіз аттап бастырмайды.

Бұл жайында islamnews.ru ақпарат көзі хабар таратты.

Куәгерлердің айтуынша, мұндай басы артық әрі орынсыз тәртіпті имам Омар Ыдырысов орнатқан. Неліктен ондай қадамға барғаны айтылмаған. Десе де бұл әрекет жамағаттың наразылығын тудырып отыр.

Терроризммен күресті желеу еткен шолақ белсенділердің әрекеті болуы да мүмкін.  
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін