Ақ үй Ресейдің Украинаға үш жағынан шабуыл жасауға дайындық жасап жатқанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ үй Ресейдің Украинаға үш жағынан шабуыл жасауға дайындық жасап жатқанын мәлімдеді

Ақ үй Ресейдің Украинаға үш жағынан шабуыл жасауға дайындық жасап жатқанын мәлімдеді

Ақ үйдің беделді өкілі журналистерге АҚШ билігі Ресейдің Украинаға үш жағынан: оңтүстіктен, батыстан, сондай-ақ солтүстік-шығыстан шабуыл жасауға дайын екендігі туралы мәліметтерден хабары бар екенін айтты. Бұл туралы американдық БАҚ хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

  • 7 Желтоқсан 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

"Біз президент Путиннің бұйрық бергенін білмейміз, оған қатысты нақты мәліметтеріміз де жоқ… Бірақ бізге жоспарлары айқын көрініп тұр. Әскерлердің қозғалысы Украинаның айналасындағы батальондық тактикалық топтардың жанына, оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс шекаларға орналастырылғанын байқаймыз", — деді Ақ үй өкілі. 

Ол АҚШ Ресейдің қосымша әскери күштерінің Украинаның шекарасынан әртүрлі аудандарда қозғалатынын көретінін айтып сендірді. 

Сондай-ақ Ақ үй АҚШ "Украинаны басып алған"жағдайда Ресейге қарсы әскери күш қолдануды жоспарламағанын айтты. Сонымен бірге егер мұндай болжам орындалса, Пентагон НАТО-ның шығыс қапталындағы одақтастарға әскери көмек көрсетуге дайын. 


Соңғы жаңалықтар