Жарияланды: 50

"Ақ жол" президент сайлауына үміткер таңдай алмады

"Ақ жол" президент сайлауына үміткер таңдай алмады

Партияның көшбасшылық базасын кеңейту қажет - Перуашев.

"Ақ жол" партиясының пленумы президент сайлауына үміткер таңдай алмады және үміткерлерді талқылау мәселесін съездің шешіміне қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарының және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері партия төрағасы Азат Перуашевті жылжытуды ұсынды.

Бірақ Перуашев әріптестерінен басқа да үміткерлерге мүмкіндік беру керектігін сұрады. Осы орайда ол партияның көшбасшылық базасын кеңейту керектігін атай отырып, бір адаммен шектелмеу қажет екенін айтты.

Ол осындай ниет білдірген бірнеше партиялас адамдардың өзімен кеңескенін жеткізді, бірақ олардың аты-жөнін атамады. Оларға ресми арыз беруді ұсыныпты.

Перуашев өзінің жеке шешімі жайлы басқа да ізденушілерді жылжытқаннан кейін хабарлайтынына уәде берді. Ол мұны басшының әріптестерінің бастамаларын басып тастамаумен және бәсекелстік пен қоғамдағы демократиялық мәдениетті қалыптастыру қажет екендігімен түсіндірді.

Партия съезі нақты шешімді 24 сәуір күні қабылдайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін