пайда болған жаңа деректерді журналистер мен облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев бөлісті. Ол Сұңқария жерінде 19 мамырда 67 ақбөкен өлігі табылғанын айтты.
Оқиға орнына келген тиісті қызмет мамандары судан, топырақтан, жайылым орнынан сынама, жануарлар өлігінен биологиялық материалдар алып, ұшақпен республикалық зертханаға жеткізген болатын. Облыс әкімінің орынбасары талдау нәтижелері шыққаннан кейін ғана қандай да бір қорытынды шығара алатындықтарын айтқан.
Ол сондай-ақ алғашқы екі күнде жануарлар өлім-жітімі арта түскенін атап өтті. Қазір бәсеңдеді. Бүгінде қырылған ақбөкендер саны 1 375-ке жетті. Бұл резерват аумағынағы ақбөкендердің жалпы саны 20 мыңға жуық.
Оқиға орнында жануар өліктерін көму жұмыстары жүргізілуде. Оған 24 бірлік арнайы техника мен 95 адам тартылды.