Ақбөпе Әбілқасымованы дереу депутаттық мандатынан айырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етемін - Қажымұқан Ғабдолла - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбөпе Әбілқасымованы дереу депутаттық мандатынан айырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етемін - Қажымұқан Ғабдолла

Ақбөпе Әбілқасымованы дереу депутаттық мандатынан айырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етемін - Қажымұқан Ғабдолла

Желіде Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ақбөпе Әбілқасымованың сөзі наразылық туғызған.  Тіпті Қажымұқан Ғабдолла мәслихаттың шұғыл сессиясын шақыртып, Әбілқасымованы депутаттық мандатынан айырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етпекші. 

  • 14 Наурыз 2022
  • 10963
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қажымұқан Ғабдолланың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақ билігінен талай ақымақтық сөз естідім, бірақ, дәп осындай сандырақты бүгін оқыдым…
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ақбөпе Әбілқасымова деген — мұрнына тарихтың иісі де бармайтын, жазылмайтын «жириновский-зюганов» деп аталатын сырқатқа шалдыққан біреу көсемсіп: «Біз Ленин мен Кеңес үкіметінің арқасында осы жерге қол жеткіздік. Бұны ешқашан естен шығармауымыз керек!» — деп сандалыпты.

Мен ертең Алматы қалалық мәслихатының шұғыл сессиясын шақырып, сепаратистік пиғылдағы, елде және қаладағы ұлттар арасына бүліншілік салушы, мүлдем сауатсыз, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ақбөпе Әбілқасымованы дереу депутаттық мандатынан айырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етемін.

Бүгінгідей кейбір елдер арасындағы шиеленіс шарықтау шегіне жетіп тұрғанда, осындай опасыз мәлімдеме жасау — соғыс отын тұтандыруға талпыныс, отанға сатқындық деп бағалаймын!

Кім мені қолдаса, осы жерге қолдайтынын жазып қатыссын!", деп жазды автор. 


"Қолдаймын. Бұл нағыз қазақтың елдігі мен мемлекеттігіне нұқсан келтіретін ой-пікір. Қоғамға зиянкестік! Бұл депутатты халықтың арасына іріткі салушы ретінде мандатынан айыруды қолдаймын!", "Әрине қолдаймыз. Ондай сауатсыз, өз халқына ешқандай жанашырлығы жоқ депутаттың құдайы көжеге қажеті жоқ!", "Өз елін — өз мемлекетін—Отанын-анасын-қазағын ұлтын сатқан жалмауыз. Әділ жазасын берсін! Қолдаймын!", деп жазды оқырмандар.

 

Қазақ билігінен талай ақымақтық сөз естідім, бірақ, дәп осындай сандырақты бүгін оқыдым… Алматы қалалық мәслихатының…

Posted by Kazhmukhan Gabdolla on Sunday, March 13, 2022

 

Соңғы жаңалықтар