Ақбота Керімбекова: Абай Бегей, Асхат Тарғын, Сиви Махмудиді әнші ретінде мойындамаймын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Керімбекова: Абай Бегей, Асхат Тарғын, Сиви Махмудиді әнші ретінде мойындамаймын

Ақбота Керімбекова: Абай Бегей, Асхат Тарғын, Сиви Махмудиді әнші ретінде мойындамаймын

Әнші Ақбота Керімбекова шоу-бизнесте жүрген танымал кей жанның өнерін мойындамайтынын айтты. Керімбекова қазір жеңіл әндердің хит болып, нағыз әншілердің тасада қалып бара жатқанын жеткізді.

  • 7 Ақпан 2020
  • 166
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды.

Ақботаның айтуынша, оның қазіргі қазақ өнеріне көңілі толмайды. Себебі өнерде әркімнің өз командасы бар. Өз әншісі бар. Ақша жүрген жерде өнер бағаланбайды. 

"Бүгінде нағыз әншілер тасада. Жеңіл әндер халыққа өтімді. Тез хит болады. Халықтың да сауаты жеңіл болып бара жатқаннан шығар мүмкін. Жастар тез танылудың жолын іздейді. Бірақ олай  өнерді ластауға болмайды деп ойлаймын", — деді Ақбота.

Әнші осы тұста үш адамды әнші ретінде мойындайтынын, үш адамды әнші деп мойындамайтынын айтып қалды. 

"Мәселен, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамбекті, Саят Медеуовты әнші ретінде мойындаймын, ал Асхат Тарғынды, Сивиді әнші деп қабылдамаймын. Абай Бегейді де осы қатарға жатқызуға болады", — деді Керімбекова.

Дегенмен ол әнші ретінде өнерін мойындамағанымен, адамгершілік қасиетін бағалайтын адамдар жетерлік дейді.

Ақбота Керімекова болашақта төртінші рет те тұрмыс құрып, балалы болуы мүмкін екенін, бәрі Алланың қалауымен болатын дүние екенін айтты. Мұны жеке өмірі болғандықтан, көпшілік алдында талқылағысы келмейтінін жеткізді. Дегенмен "өзім үшін бір қыз туып алсам деп те ойлаймын. Бірақ арам жолмен емес, Алла алдында адал, неке арқылы балалы болу керек дейді.

Журналист сұхбат барысында Ақбота Керімбековадан "өз түріңізге көңіліңіз тола ма?" деп сұрақ қойды. 


"Бұл менің Алла жаратқан түрім. Бетімдегі меңімді алып тастауға да болатын шығар. Солай кеңес бергендер де көп. Бұрын бетімдегі мең үшін өнер көрсетуге қабылдамағандар да болған. Со үшін кедергілер де болғаны рас. Бірақ құдай жаратқан түрді жасауға міндетті емеспін. Көзім көреді, аяқ-қолым сау. Соған шүкір деймін", — деді әнші.

Керімбекованың сөзінше, бүгінгі билікке көңілі толатын да, толмайтын да кезі болады. 

"Қазақстанда бай тұруға болады. Дегенмен жылап жүрген халықты, ақша жетпей жүрген халықты көресің. Қазақтың қыздары өзге ұлт азаматтарына тұрмысқа шығады. Кейде ойлаймын, олардың мінезі біздің қазақ жігіттерінен жақсы болғандықтан әуес шығар деп. Біздің қазақ жігіттері әлсіреп кетті. Оларға мықты болу керек", — деді әнші. 

Әнші бойында жалқаулық қасиеті барын айтып өтті. "Егер жалқау болмағанда, бұдан да биік жетістікке жетер едім" деп әзілдеді. 

Соңғы жаңалықтар