Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты

Әншінің өмірінде оң өзгерістер болып жатыр. Жұрт шулаған болжам яғни Ақботаның тұрмысқа шыққаны рас екен, деп хабарлайды stan.kz. Алд

  • 10 Наурыз 2017
  • 1024
Фото - Caravan.kz

Әншінің өмірінде оң өзгерістер болып жатыр. Жұрт шулаған болжам яғни Ақботаның тұрмысқа шыққаны рас екен, деп хабарлайды stan.kz.

Алдымен шулы видеоға қатысты әнші болған жайтты ашық әңгімелеп берген еді.

"Ол жағдай үш немесе, төрт жыл бұрын болған. Нақты есімде емес. Менің қасымда әріптестерім де болды. Барлығымыз Талдықорған қаласына тойға шақырту алғанбыз. Той ұйымдастырушы жігіт, өзімнен төрт жастай ма кіші болса керек, жас бала. Күтіп алған сәттен-ақ, амандық-саулық сұраспады.Мен қасымдағыларға, ана жігіттің бізді менсінбей тұрғанын айттым. Ондай адамдарды пасық дейді. Сосын, көлікте осы туралы сөйлесіп, арамызда түсініспеушілік туындады. Түсініспеушілік дегенде ұрыс ештеңе болған жоқ. Тек ана жігіттің адамдық қасиетіне күмәнім болды. Содан той болды, әнімізді салдық. Кетейік десек, ақымызды бермейді. Ол жерде тек мен емес, барлығымыз гонорарымызды әрең алдық деп айта аламын.Ия шу шықты, — дейді әнші.

Видеоны тамашалаған жұрт түрлі пікірлер жазды. Көпшілігі әншіні тойға шақырып, адал ақысын бермей әурелеп қана қоймай, болған жағдайды желіге жүктеген жігіттерді айыптады.


Ақботаның өміріндегі жұрт болжаған жаңалық та рас болып шықты. "Ия жұрттың шулайтынындай бар, расымен де мен теңімді тауып, тұрмысқа шықтым. Сіздерге бірінші рет айтып отырмын. Тойымыз әлі болған жоқ. Алдағы оразадан кейін, жақын адамдарымыздың ортасында атап өтуді жоспарлап жатырмыз",- деді әнші. Жұрт бұған дейін Ақбота мен Абай Бегейдің дуэттері мен суреттеріне қарап, оларды қосып та үлгерген болатын. Әншіден күйеу жігіттің кім екенін де сұрап көрген еді. "Біз Абай Бегей екеуміз өнерде жақсы әріптеспіз, жақсы доспыз. Бірақ менің жарым мүлде басқа адам. Әрине өнерге қатысы бар. Бірақ ондай танымал емес. Есімі Рауан болады",- деді әнші.
 

Соңғы жаңалықтар