Ақбота Сейтмағамбет: Дәурен әйелінен кетсе де, балаларын тастаған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Сейтмағамбет: Дәурен әйелінен кетсе де, балаларын тастаған жоқ

Ақбота Сейтмағамбет: Дәурен әйелінен кетсе де, балаларын тастаған жоқ

Желідегі тікелей эфир кезінде әнші қасының табиғатынан қалың екенін айтып мақтанды. Мұнымен қатар, көңіліне жақпаса да, “Басқа күйеу таппадың ба? Біреудің отбасында нең бар? Саған бола үш баланы тастауға мәжбүр болды” деген сауалға жауап берді.

“Сіздерге осы нәрсені түсіндіріп көрейінші. Біріншіден, біреудің байын тартып алатындай ол маған ойыншық емес. Қазақта “әйелді тастау” деген сөз бар, бірақ “баланы тастау” деген сөз жоқ. Әйелін тастаса таста?

  • 21 Шiлде 2017
  • 3442
Фото - Caravan.kz

“Сіздерге осы нәрсені түсіндіріп көрейінші. Біріншіден, біреудің байын тартып алатындай ол маған ойыншық емес. Қазақта “әйелді тастау” деген сөз бар, бірақ “баланы тастау” деген сөз жоқ. Әйелін тастаса тастаған шығар, ал балаларын тастаған жоқ. Шынымды айтсам, балаларын тастатқызбаймын да. Сіздерді түсінбедім. Баланы тастау деген – сұмдық нәрсе ғой. Барлығы әркімнің ойлау қабілетіне байланысты”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.


Мұнымен қатар, әнші баласының болашағына араласпайтынын айтты. Яғни оны қалаған саласына жіберуге әзір екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар