Жарияланды: 4600

Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты

Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты

“КешYou” тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбет ақ босағадан аттап, ақ жаулықты келін атанды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші танымал актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты.

Өткен сенбіде Ақбота желідегі парақшасына Дәуренмен бірге түскен суретін жүктеп, көп ұзамай шындықтың бетін ашатынын жазды. Артынша желідегі парақшасына ақ орамал тағып отырған суретін жүктеді. Алайда бірнеше сағаттан кейін оны алып тастады. Бұл уақытта елді дүрліктірген сурет инстаграмды шарлап кетті.

Осылайша Ақботаның жеке өмірінің құпиясы ашылды.

Айта кететін жайт, Ақботаның аяғы ауыр. Ол дәл осы себепті “КешYou” тобынан кетті.

Айта кетейік, Баян Есентаева “КешYou” тобынан Ақботаның кететінін хабарлаған соң ел арасында түрлі әңгімелер өрбіп кетті. Себебі өз сөзінде танымал продюсер Ақботаның өз сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңынан кездестіргенін айтқан еді. Соған қарап жұрт Ақботаны фильмдегі жұбы Дәурен Айдарқұловқа қосты. Тіпті, желіде өзін Дәурен Айдарқұловтың әйелімін деп таныстырған әйелдің парақшасы пайда болған. Онда әйел Ақбота Сейтмағамбетті “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптаған. Алайда кейінірек әнші бұл ақпаратты жоққа шығарды. Десе де әнші ақырында Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты. Ел арасында “Ақбота Дәуреннің тоқалы болуға келісті” деген сыбыс та тараған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін