Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті

Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті

COVID-19: Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті

  • 25 Наурыз 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысы бүгін коронавирустың таралуы бойынша «сарыдан» «жасыл аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде өткен тәулікте 45 адамнан қауіпті індет анықталған.

Өсім – 0,3%. Бұл осы айдың басындағы көрсеткіштен 3-4 есеге төмен.

Бірақ сала мамандары «әзірге карантин талаптары жеңілдетілмейді», дейді. Себебі, жағдай бірнеше күн бақыланады.


Жалпы пандемия басталғалы Ақмола облысында 15 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдықты.