Ақмола облысында 2 миллион теңгені қолды қылған күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 2 миллион теңгені қолды қылған күдікті ұсталды

Ақмола облысында 2 миллион теңгені қолды қылған күдікті ұсталды

Ақмолалық полицейлер 2 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған 25 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

  • 4 Тамыз 2015
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша жақында Бурабай аудандық ІІБ Шучье қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтін ер адам 2 миллион теңгенің қолды болғанын айтып шағымданған. Зардап шегушiнiң сөзіне қарағанда оған бұл ірі көлемдегі ақшаны басшысы қонақ үйдегі сейфке уақытша сала тұруға берген. Таңертең ерте асығыс аттанған олар сейфте ақша барын ұмытып кеткен. Кейін 2 сағат өткеннен соң ғана барып қонақ үйге қайтып оралады. Ол кезде ақша орнында болмай шығады.

Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 25 жастағы астаналық қолға түсті.


Соңғы жаңалықтар