Ақмола облысында 2 жасар қыз бала көліктің астына түсіп көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 2 жасар қыз бала көліктің астына түсіп көз жұмды

Ақмола облысында 2 жасар қыз бала көліктің астына түсіп көз жұмды

Ақмола облысында көлік жүргізушісі абайсызда 2 жарым жасар қыз баланы басып кетті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 26 Мамыр 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz

Оқиға Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр кентінде орын алған. Көшенің рұқсат етілмеген жеріне ата-анасының байқауынсыз жүгіріп шыққан қыз бала "Мерседес Бенс" автокөлігінің астына түскен. Жедел түрде облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілгенімен бүлдіршін сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімі (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.