Ақмола облысында 20 жастағы жігіт өзін-өзі бензин құйып өртеп жіберді
![]() |
Ақмола облысында әйелімен ұрысып, қалған 20 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберді. |
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, 20 жастағы ер адам өзін пәтердегі жуыну бөлмесінде азаматтық некедегі әйелі және әкесінің көзінше үстіне бензин құйып өртеген. Кейін киімі өртке оранған ол жан ұшырып, далаға жүгіріп шыққан.
Осының салдарынан ол 1 дәрежедегі (97 пайыз) күйікпен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша оның мұндай қадамға баруына әйелімен ұрысып қалғаны себеп болған көрінеді.
Оқиға 1 қараша күні 18:35 шамасында Көкшетау қаласында орын алған. Күйік шалған жігіт Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін