Ақмола облысында 60 жолаушы мінген автобус жолдың шетіне ауып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 60 жолаушы мінген автобус жолдың шетіне ауып қалды

Ақмола облысында 60 жолаушы мінген автобус жолдың шетіне ауып қалды

Сәрсенбі күні Ақмола облысында Астана-Ерейментау тас жолында жолаушылар автобусы жолдың шетіне ауып кеткен.

  • 12 Қараша 2014
  • 395
Фото - Caravan.kz


«Қазавтожол» АҚ филиалының хабарлауынша, автобустағы 60 жолаушының он шақтысы жарақат алған көрінеді.
Зардап шеккен жолаушылар Астанадағы ауруханаларға жеткізілді.
Бастапқы болжамдарға сүйенсек, апат көктайғақ салдарынан болған болуы ықтимал. Мекемедегілер жол апаты 23 жастағы жүргізушінің де кінәсі болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Қазір оқиға орнында шұғыл әрекет ету топтары жұмыс істеп жатыр.