Ақмола облысында әуе апаты орын алып, бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында  әуе апаты орын алып, бір адам қаза тапты

Ақмола облысында әуе апаты орын алып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 20 маусым күні, шамамен сағат 9 шамасында Ақмола облысының Целиноград ауданында ұшу барысында әуе апаты орын алды.

  • 20 Маусым 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

Апатқа ұшыраған арнайы авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды. 

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы

Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тауып, 2-ші ұшқыш пен техник–көмекші алған жарақаттарына байланысты емдеу мекемесіне жеткізілді.


Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.