Ақмола облысында бірнеше адам аязда үсіп өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында бірнеше адам аязда үсіп өлді

Ақмола облысында бірнеше адам аязда үсіп өлді

Ақмола облысында суыққа қатып қалған 3 адамның мүрдесі табылды.

  • 22 Қаңтар 2018
  • 151
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, алғашқы жағдай 20 қаңтар күні Щучинск қаласында болған. Күндізгі сағат 15:50-дерде арықта қатып қалған 1980 жылғы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, 21 қаңтар күні тағы да Щучинск қаласында жекеменшік үйдің ауласында суықта үсіп өлген 1967 жылғы әйелдің денесі табылды. Әйел жергілікті тұрғынның үйінде бөлме жалдап тұрғаны анықталды.

Сол күні Шортанды ауданының Дамса ауылында көшеде қатып қалған 1954 жылғы ер адамның денесі табылды.


 

 

# бірнеше адам #үсіп өлді
Соңғы жаңалықтар