Ақмола облысында екі автобус кюветке түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында  екі автобус кюветке түсіп кетті

Ақмола облысында екі автобус кюветке түсіп кетті

Ақмола облысында Зеренді селосының қасында Көкшетау-Атбасар жолында бейсенбіде рейстік екі автобус кюветке түсіп кетті.

  • 20 Наурыз 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz

"Жол нашар көрінгендіктен және жер тайғақ болғандықтан алдымен бір автобус кюветке түсіп кетті. Артынан келе жатқан екінші автобус тоқтап, жолаушыларды алып кетуге ыңғайланған кезде ол да кюветке түсіп кетті», деді "Интерфакс-Қазақстанға" Зеренді ауданының өрт бөлімшесінің қарауыл бастығы Радик Алмаев.

Қазір оны бірі "Камаздың" көмегімен шығарылды, екіншісі әлі сонда.


"Автобус қардан шыға алмай жатыр. Қосымша техника күтіп отырмыз», деді Р.Алмаев.

Ол автобустың тек жүргізушісі ғана қалған, жолаушылар басқа көліктермен жіберілген.