Ақмола облысында екі жасар қыз баланы абайсызда көлік қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында екі жасар қыз баланы абайсызда көлік қағып кетті

Ақмола облысында екі жасар қыз баланы абайсызда көлік қағып кетті

Ақмола облысының Макинск қаласында екі жасар қыз баланы абайсызда «Ауди» көлік қағып кетті.

  • 12 Мамыр 2014
  • 458
Фото - Caravan.kz

Аймақтық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға ауладан көлігін артымен шығарған жүргізушінің кінәсінен болған. Ол көліктің артқы жағында тұрған сәбиді байқамай қалған болса керек.

«Қыз бала сол жерде жан тапсырды. Жүргізуші спиртті ішімдік ішпеген», — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, бүлдіршіннің ата-анасы нәпақа табу үшін Астана қаласында жүрген көрінеді.