Ақмола облысында инспекторлар браконьерлерді қуып жүріп әзер тоқтатты
Ақмола облысында инспекторлар табиғат қаскөйлерін қуып жүріп әрең ұстады. Джип мінген екі адам көліктің жанармайы таусылғанда бір-ақ тоқтаған. Олар Сандықтау ауданында ерекше қорғалатын аумақтан 4 елікті атып алып, машинасымен әкетіп бара жатқан екен. Біреуі тіпті табиғат қорғау басқармасының инспекторы. Жалпы, қыс түскелі Арқа өңірінде заңсыз саят құратындар саны артқан. |
Жол талғамайтын көлікке мініп, алды-артына қарамай қашқандарды көріп, аңшылық шаруашылығының қызметкерлері де қуа жөнелген. Орманнан шығып, тіпті ауыл ішімен жүйіткігендер жанармай таусылғанша тоқтамапты.
Ақмола облысындағы қорықтарда қазір «қасқырға қой бақтырғанның» кері келіп тұр. Өйткені қашып құтыла алмаған көлікте табиғат қорғау инспекторы да отыр екен. Ішкі істер басқармасындағылар мұны әрине мойындаған жоқ. Айтуларынша, браконьерлермен бірге безген инспектор қызмет бабымен жүріпті.
Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
-Инспектор ол броконерлікпен айналысқандарды аудандық бөлімге әкеле жатқан. Ал көлік тізгініндегі күдікті оның айтқанына көнбей қаша жөнелген. Дегенмен инспектордың да ешкімге ескертпей,оларды құрықтамақ болғаны да түсініксіз. Қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Жалпы қыс түскелі Арқаның басқа қорықтарында да заңсыз саятшылық құратындар саны артқан. Марал мен бұғы, сондай-ақ, тағы екі елікті атып алған осындай браконьерлер Зеренді ауданында ұсталды. Газель тола етті жүргізушісі Астанадағы мейрамханалардың біріне апара жатқанын айтты.
-Марал мен бұғының басын,еттерді шығарып жатыр,шығарып жатыр.
Екі айдың ішінде Ақмола облысында 15 заңсыз аң аулау дерегі тіркелген. Олардың әрқайсысы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін