Жарияланды: 410

Ақмола облысында көңілі толмаған клиент дәмхана қожайынын аяқтан атқан

Ақмола облысының Ерейментау ауданында көңілі толмаған клиент дәмхана қожайынына оқ атқан. Облыстық полиция ақпарына қарағанда, оқиға сәрсенбі күні жол бойындағы «Тәбет» дәмханасында болған. «Астана тұрғыны дәмхана аспазымен ерегесіп қалған. Ашуға мінген ол әңгімеге араласқан кафе қожайынын ТОЗ-3 мылтығымен аяқтан атқан», - дейді полицейлер. Қазір ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін