Ақмола облысында Мәскеуге бағыт алған 54 қырғызстандық құтқарылды
![]() |
Ақмола облысының Аршалы ауданында Қырғызстан азаматтары отырған жолаушылар автобусынан ақау шығып, 54 адам (оның ішінде 6 бала) қауіпсіз жерге жеткізілді. |
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Келеңсіз жағдай бүгін түнде 03:56 минут шамасында Аршалы ауданы арқылы өтетін «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 25 шақырымында орын алған. Қырғызстан Республикасының Ош қаласынан Мәскеуге бағыт алған «Mercedes-Bens» автобусынан ақау шығып тоқтап қалған. Осыған байланысты құтқару жұмыстарына Астанадағы «№ 1Автобус паркі» АҚ-ның автобусы жіберіліп, сынған автобуста отырған 54 адам (6 бала) жолаушыны Астана теміржолы вокзалына жеткізді. Жолаушылардың барлығы - Қырғыз Республикасының азаматтары. Зардап шеккендер жоқ», деп көрсетілген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін