Ақмола облысында пара алған әкімдік қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында пара алған әкімдік қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында пара алған әкімдік қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысының қаржы полициясы 550 мың теңге көлемінде парамен ұсталған  Бурабай аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманының үстінен ҚР ҚК 311-бабының  4-бөлімі «а» тармақшасы  (Бопсалау арқылы пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 25 Маусым 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы облыстық ЭҚСЖҚКД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаржы полициясының мәлімет бойынша тергеу амалдары барысында Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Бурабай кентінде заңсыз салынған дөңгелекті монтаждау шеберханасының иесінен аталған нысанды бұзбай, әкімшілік жауапкершіліктен, яғни айыппұлдан босатып, тіпті пайдалануға рұқсат бермек мақсатта  550 мың теңгені бопсалап алғаны анықталды.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынып, үстінен ҚР ҚК 311-бабының  4-бөлімі «а» тармақшасы бойынша (Бопсалау арқылы пара алу) қылмыстық іс қозғалды.